Білім

«Алтын белгіден» 9 822 оқушы үмітті

Биылғы оқу жылында республика бойынша 3,4 млн. астам оқушы мектептерде білім алды. Олардың 150 мыңға жуығы 11-12-сыныпты аяқтайды. «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайтын болады.

Комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелер білім беру ұйымдарына жіберіліп, мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі бекітіледі.

– Бұрын мектеп пен білім бөлімдері үміткерлердің жұмысын өздері тексеріп, «Алтын белгіні» тапсыру туралы шешім қабылдайтын. Ал, қазір кеңестік кезеңдегідей емтихан жұмыстарын облыстық немесе республикалық маңызы бар қаланың білім басқармасы жанындағы комиссия тексереді. Комиссия құрамына білікті, тәжірибелі пән мұғалімдері кіреді. Осыдан кейін ғана мектеп үздік оқушылардың тізімін бекітеді, – деді БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Биыл 11-12-сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 1-10 маусым аралығында өтеді. 12 маусымға дейін емтихан жұмыстарының қорытындысы шығарылып, «Алтын белгі» иегерлерінің тізімі бекітіледі.

Басқа материалдар

Back to top button