Білім

Алты күн оқуы мүмкін

Бірнеше күн бұрын Білім және ғылым министрлігі мектептерді қайтадан алты күндік оқу жүйесіне көшуді ұсынған болатын. Алайда, министр Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ елде бес күндік оқу жүйесі бойынша білім беруді жалғастыратынын айтты.

– Егер мектеп бес күндік оқу жүйесі бойынша білім бере алатын болса, рұқсат беріледі. Бірақ пандемияға байланысты кейбір шектеу шаралары енгізіліп отыр. Сондықтан, ауысым саны көп болған мектептерге бес күндік оқу жүйесі сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл шешімді мектеп қабылдайтын болады. Бес күнге сәйкес келмейтін болса, сабақтар алтыншы күнге ауыстырылады. Біз жыл сайын біртіндеп бес күндік оқу жүйесіне көшкен болатынбыз. Бірақ сол кезде де алты күн оқыған мектептер болды. Өйткені, олар бес күндік оқу жүйесін ұйымдастыра алмады, – дейді министр. Бұған дейін осындай тәжірибе алдыңғы жылы қолданылған болатын. Осы жайлы министр көпшілікке басын ашып, түсіндірді. Сонымен қатар, ол бес күндік білім беру балаға да, мұғалімдерге де тиімді екенін айтты.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button