Бас тақырып

Алтай асқан абырой

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбай сонау Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы Дэлүүн ауданының Құрметті азаматы атанды. Бұл туралы ақын өзінің Facebook парақшасына жазды. Бұл – Арқа жұртына ортақ қуаныш.

Сурет Ғ.Жайлыбайдың жеке мұрағатынан

– Жеке шығармашылығымда елеулі орны бар «Сұлубайдың әні» дастаным үшін Баян-Өлгий аймағы Дэлүүн ауданының Құрметті азаматы атандым, – делінген жазбада.

«Сұлубайдың әні» поэмасы өткен ғасырда Өр-Алтайда орын алған Ұлт-азаттық күресте жау қолынан қаза тапқан ер жүрек батыр, ақын Сұлубай Сапыұлының тағдыры туралы поэма. Сұлубай – сонау Оспан батыр көтерілісіне қатысып, ажал құшқан тарихи тұлға. Оның күрес­ке толы тағдырын суреттейтін әні мұраға қалған-ды. Ғалым Жайлыбай сол әнді негізге ала отырып, осынау дастанды жарыққа шығарыпты.

Мың данамен басылып шыққан дастан ағылшын, түрік, орыс тіліне де аударылған.

Алаштың ардакүрең ақынын жеткен жетістігімен құттықтап, шығармашылық толағай табыс тілейміз!

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button