Жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 20 тамыз, сағат 21:22-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.3. MPV магнитудасы – 4.3. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Сондай-ақ Қазақстан сейсмологтары сағат 21:28-де Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 372 км қашықтықта, Қытай аумағында болған жерасты тербелісін тіркеді. Энергетикалық санаты – 11.4. MPV магнитудасы – 5.2. Тереңдігі – 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәлімет түспеген.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button