Ресми

Алдыңыздағы асыңыз сапалы ма?

Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің мамандары елдегі азық-түліктің жартысынан көбі сапа стандарттарына сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz  aikyn.kz  сайтына сілтеме жасап.

Сурет kaznovosti.kz

«Сапалы өнім» жобасы аясындағы кең көлемді зерттеу нәтижесінде тексерілген өнімдердің 69%-ында заңбұзушылықтар анықталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Қазақстандықтар күнделікті тұтынатын азық-түліктердің сапасыздығы денсаулыққа қауіп төндіріп отыр. Зерттеу нәтижелері 60%-дан астам өнімнің белгіленген нормаларға сәйкес келмейтінін көрсетті, – делінген Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәлімдемесінде.

Жоба аясында елдегі дүкендерден алынған 1423 азық-түлік пен тұрмыстық химия үлгісі тексерілді. Зерттеулер арнайы аккредиттелген зертханаларда жүргізілді. Нәтижесінде, 69% өнімнен түрлі заңбұзушылықтар анықталған.

– Бұл көрсеткіш – тұтынушылар үшін алаңдатарлық белгі. Мамандар сапасыз өнімдерді тұтыну денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін екенін ескертеді, –  деп жазылған хабарламада.

Құзырлы органдар азық-түлік сапасын қатаң бақылауға алып, заңбұзушылықтарға жол берген өндірушілерге шара қолданатынын мәлімдеді. Қазақстандықтарға азық-түлік таңдауда мұқият болуға және сертификатталған өнімдерді ғана сатып алуға кеңес беріледі.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button