Жаңалықтар

Алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді

Синоптиктер 19-21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай соғып, екпінді жел, бұршақ аралас жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар аралас жауын-шашын болады деп болжанады. 20-21 қыркүйекте  Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысы жауын-шашынсыз, ауа райы ашық болады. Елдің батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Басқа материалдар

Back to top button