Қарағанды

Алаштың асыл арманы

Адамзат дамуы тарихында жер, тәуелсіздік үшін болған соғыстар аз емес. Әлем картасы сан алуан өзгерді. Ол XX ғасырдың соңында да көрініс тапты. Бұған КСРО-ның күйреуі де себеп болды. Қираған жұртта тәуелсіз жаңа 15 мемлекет орнады. Солардың бірі – Еуразия кіндігіндегі Қазақстан Республикасы.

Қазақ халқы не көрмеді? Өткен ғасырдың басында 1,5 миллиондай қандасымыз Қытай, Ауғанстан, Түркия елдеріне қоныс аударды. 1928-1955 жылдары сүт бетіндегі қаймақтай болған тұлғаларымыз репрессияға ұшырады. Қазақтың саны үш есеге дейін кеміді. Одан қалды, Ұлы Отан соғысы жылдары 700 мыңдай сарбазымыз туған үйіне оралмады. Ал, азаттыққа деген ақырғы айқас Желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың маңдайына жазылыпты. Амал қанша?

Біз білсек, қазір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл кез келген мемлекеттің жете бермейтін жетістігі. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының  асыл арманы орындалды. Қазір біз өркендеудің дара жолына, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет алдық. Елбасы бекіткен жаңа экономикалық бағамда жаңа бағдарламалар, оның бағыттары және нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Сол бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық!

 

Шырын АХЫМАНОВА,

№65 орта мектеп мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button