Абай

Қала қыстан қысылмайды

    «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС Абай қаласын толық жылумен қамтуға қауқарлы. Бұл жөнінде «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС директоры Жақия Ыдырысов құлағдар етті.

Жылу маусымына дайындық биылғы жылы кестеге сай орын­далған. Атап айтқанда, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысы жүр­гізілген. 952 метр құбыр ауыс­тырылған. Олардың ішінде, 34 орам, Победа, К.Маркс көшелеріне жөндеу жұмыстары атқарылған. Жылу маусымының қарсаңында ке­­зекші мобильді топ пен арнайы бри­гада құрылған. ПИК арасында келісім-шарт жасалып, тұрғын үйлердің қысқы маусымға әзірлігі пысықталған. Жылумен қамтушы мекеме өкілдерінің пікірінше, қысқа дайындалған үйлер мен пәтерлерде ешқандай мәселе жоқ. Тұрақты бақылауға алынған.

Нұрдос КӘРІМ

АБАЙ ауданы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button