Жаңалықтар

Қала әкімінде – жаңа орынбасар

  Бұл қызметке Асылбек МОЛДАБАЕВ тағайындалды. Ол жерді пайдалану, құрылыс және сәулет мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Асылбек Серікұлы Осакаров ауданында дүниеге келген. Отан алдындағы қасиетті борышын өтеген соң, туған ауылындағы «Жансары» қожалығында бригадир болып еңбек еткен. Кейін Молодежный кентіндегі «Молда» қожалығына жетекшілік етті, «Тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында директор болды.

А.Молдабаевтың үш жоғары білімі бар. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін тәмамдаған.

2009 жылдан бері – мемлекеттік қызметте. 2011 жылдың қараша айына дейін Осакаров ауданының Молодежный кентін басқарды, кейін аталған аудан әкімі аппаратының жетекшісі болды.

Асылбек Серікұлы осы тағайындауға дейін Осакаров ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button