Қарағанды

Қала автобустарын алматылықтар мен тараздық жүргізушілер тізгіндемек

Қарағандының жолаушылар көлігінде Алматы мен Тараздан келген жүргізушілер жұмыс жасайтын болады. Қалада бұған дейін қоғамдық көлік жүргізушілері тапшы екені айтылып келген болатын. Соның кесірінен қалада қоғамдық көліктер кешкі сағат 20.00-де, тіпті кей жағдайларда 18.00-де тоқтайды.

Қарғандылықтар мен серіктес қалалар тұрғындарының қоғамдық көлікке қатысты шағымы шаш етектен. Өткен жылы автопарктерге 150 жаңа автобус сатылып алынды. Оған тағы 100 автобус қосылмақ. Мысалы, бүгінде №5  автопаркте бірде бір жаңа автобус жоқ. 41 автобустың тек жартысы ғана жарамды.

– Пришахтинск аумағында шамамен 68 мыңға жуық адам тұрады. Бұл негізі іс-жүзінде өте үлкен қала. Одан да бөлек кіші қалалар бар. Күтіңіздер деп қашанғы созып жүреміз? Сіздер келтірген қолайсыздықтар үшін халықтан кешірім мен сұрап келемін, – деді қала әкімі |Мейрам Кожухов автопарк басшылығымен кездесуде.

Жазға қарай 5 автопарк QazTehna Saran зауытынан 50 жаңа автобус күтуде. Бірақ олар үшін жұмыс істейтін ешкім жоқ. Қазір 44 көлікке 39 жүргізуші. Қажетті мөлшердің жартысы ғана жұмысқа шығады. Қалалық маршруттарда жұмыс істеу үшін Д санатындағы 3 жылдық тәжірибесі бар жүргізушілер қажет. Ал ондай тәжірибені алатын жер жоқ. Оны тек Астанада ғана тапсыруға болады. Сондықтан басшылар басқа қаладан мамандар алдырып амалдамақ.

– Қазір автопаркте қонақ үй немесе жатақхана сияқты орындар салынып жатыр. Сол жерде басқа қаладан келген жүргізушілер қоныстанады. Алматы мен Тараз қалаларымен келісім бар. Бұның бәрі жүргізушілердің тапшылығынан болып жатыр,- дейді №5 автопарк директорының орынбасары Мақсат Әлсенов.

№5 автопарк жүргізушілерінің еңбекақысы тым төмен. Бұл да жұмысқа кері әсерін тигізуде. Автопаркте электронды төлемге көшу  парк табысының артатынына сендірді. Соның есебінен жүргізушілер жалақысын 400-500 мың теңгеге дейін көтеру жоспарлануда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button