Жаңалықтар

Алғысым шексіз

Ұстаздың жолы қиын әрі дара жол. Дара жолды салу үшін ұстаз еңбек етеді. Сол жолымен қияға шығар, шыңды бағындырар, өз «кірпішін қалар» шәкірт тәрбиелейді. Сондықтан, бұл жолды мінсіз салу оңай емес.

Ұстаз шәкіртті емес, шәкірт ұстазды таңдайды деп жатады. Мен өзіме ұстаз таңдадым. Ол ұстазым мені осы жолға даярлады. Әр айтқан сөзін, әр үйреткен нәрсесін үнемі есіме алып, дұрыс жасауға тырысамын. Бұл керемет ұстазымның есімі – Әлия Қасымова. Ұстазыма деген алғысым шексіз. Бұл жолда қаншама қиындықтар кездесті. Сол қиындықтардан сүрінбей шығуыма ұстазым  үйреткен жұмыстар көп көмек берді.
Мектеп – кеме. Білім – теңіз. Оқушылар сол кемедегі теңіз әскерлері. Ал кеме басшысы ол – ұстаз. Теңіз толқындары өмірде кездесетін қиындықтар.
Біздің топ та осы кемедегі әскерлер тәрізді болдық. Қазір бәрі де өз ұстаздарына алғыс айтады. Өмірде өз жолдарын тауып, өз кемелерін құрып, өмір атты теңізде дұрыс жолмен жүру бағытын үйренді. Мен де солардың қатарындамын. Бұл – мен үшін ең үлкен жеңіс болып саналады. Бұл жолда жүруіме, дұрыс мақсат қоя білуіме көп септігін тигізген ең бастысы ол – анам және мектептегі,  колледждегі ұстаздарым.
Осының бәрін үйренетін шәкірт болу да бақыт. Бұл бақытты бағалай білу керек.

Манар ӨМІРСЕРІК,
№65 орта мектептің
мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button