Қарқаралы

Акция ұйымдастырылды

    Ел тарихындағы ең көлемді жоба «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі мемлекетіміздің мығым, еліміздің еңселі, экономикамызды екпінді ететін, әлеуметтік әлеуетімізді көрсететін елдігіміздің жемісі болмақ.

Осы орайда, еліміз үшін маңызды көрмені тамашалауға халықты тарту мақсатында Қарқаралы қаласында арнайы акция ұйымдастырылды. «JasStar» еріктілер тобының мүшелері халыққа «ЕХРО – 2017» көрмесінің мәні мен маңызын және билеттерді қайдан және қалай алуға болатыны жөнінде айтып, 200-ге жуық ақпараттық парақшалар таратты.

Бүгінгі күнде аудан бойынша 800-ден астам билет сатылып, көрмені тамашалауға баратындардың қатары күн санап өсіп келеді.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button