Жаңалықтар

Акция аяқталады

   Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ мүлікті және қаражатты жария ету ісінің барысы жайлы селекторлық жиын өткізді.

Акция басталған уақыттан бері облыс бойынша қалалық, аудандық әкімдіктер жанынан 18 комиссия құрылып, өтініштерді қабылдайтын 21 пункт жұмыс істеп тұр.

Қазіргі күнге дейін 608 өтініш мақұлданып, құны 9,9 млрд. теңгені құрайтын мүлік жария етілген. Заңдастырылған 664 нысанның қатарында 85 тұрғын үй (құны – 1,1 млрд. теңге) және 579 тұрғын үй санатына жатпайтын нысан (құны – 8,8, млрд. теңге) бар.

Мүлікті жария етуде Қарағанды қаласы (246 нысан – 5,5 млрд. теңге), Жаңаарқа ауданы (127 нысан – 110,7 млн. теңге), Жезқазған қаласы (63 нысан – 373,1 млн. теңге) және Теміртау қаласы (45 нысан – 472,8 млн. теңге) көш бастады.

Мемлекеттік кірістер департаменті 52,3 млрд. теңгені құрайтын 328 арнайы декларация қабылдаған.

Асылбек Дүйсебаев елдегі заңнамаға сай рәсімделмеген жылжымайтын мүліктерді жария етуге өтініш қабылдау 30 қараша күні аяқталатынын еске салды. Ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жандандыру, комиссиялар жұмыстарын қатаң бақылауға алу бойынша бірнеше тапсырма жүктеді.

Өз тілшімізден.

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button