Жаңалықтар

Қайырлы істен қалыс қалмайық!

         Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ
         «Орталық Қазақстан»

       92002211_4121583_       «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны көпшілікке сәуірде жол тартты. Аты айтып тұрғандай қайырымдылық пен бірліктің акциясына Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қазақстан» РТРК мұрындық болды. Ұйымдастырушылардың көздеген мақсаты, қол созған негізгі мүдесі мұқтаж жандарға жәрдемдесу. Игілікті іс өз жемісінде беріп те үлгеріпті. 2016 жылдың сәуір айында басталған алғашқы «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафонын да үш күннің қорытындысы бойынша шамамен 41 млн. теңге жиналып, көмекке зәру балалардың барлығының есепшоттарына 700 мың теңгеден аударылған екен. Осы аралықта қауырт желі, интернет-портал және әлеуметтік желідегі арнайы парақша арқылы 1000-нан астам өтініш түсіпті. Қайырлы істің шапағатын көргендердің арасында бес жасар Айару Ниязбекте бар.
Кішкентай Айаруға бүгінгі күнге дейін жеті рет ота жасалған. Ақ халаттылардың қойған диагнозы-туа біткен окклюзионалды гидроцефалия. Ілеспе диагнозы: созылмалы вегативті жағдай. Дерт дендегендіктен оң жақ бүйірі шығып кеткен, спастикалық жағдайдың күйін кешкен. Табандары эквинусно-варусты деформация. Көру жүйке жүйелері толық атрофия. Баласының тік тұрып, жағдайының жақсаруына сенімі мол Айарудың анасы-Айгерім Сәрсенқызы қайырымды істі ұйымдастырушыларға дән риза. Ол,  Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық қорына, қызының емі үшін көмек сұрап жазған хатының нәтижесіз қалмағандығын жария етті. Қазақстандық ізгі жандардың демеушілігімен Айару Новосибирск қаласындағы «САНИТАС» аурханасында қымбат ем-дом қабылдап келіпті. Кешенді емнен кейін   Айарудың денсаулығында біршама өзгерістер байқалып, жақсару динамикасы анықталған. Алдағы уақыттар да анасы баласының аруынан айығатындығына үміті зор. Бұл біздің тілге тиек еткен бір ғана жанның тағдыры. Ал осы Айару сынды қаншама көмекке мұқтаж жандардың барлығын ұмытпағанымыз абзал. Қолұшын берем дегендер болса, мына жедел байланыс нөмірлері: 8 (7172) 48-63-19, 8 (7172) 57 64 49, 8 708 425 49 45 -ке хабарласуға болады. Немесе, көрсетілген Есепшотқа: ИИК KZ54319Y010000361999 БИК ABKZKZKX АО «БТА Банк» Филиал «Астана»
БИН 090 240 010 377 КБе 18 қаржы құя аласыз. Қайырлы істен қалыс қалмайық!

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button