Басты тақырыпЖаңалықтар

Қайта жаңарту жұмыстарын тексерді

    ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар МАМИН Астана – Теміртау автомобиль жолының қайта жаңарту жұмыстарын тексерді.

   ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапары барысында «Орталық-Оңтүстік» автомобиль дәлізінің Астана – Теміртау бөлігіндегі қайта жаңарту жұмыстарының барысымен таныстыру мақсатында жиналыс өткізді. Жоба «Нұрлы жол» жобасы аясында жүзеге асырылуда.

«Орталық-Оңтүстік» дәлізіне кіретін жаңа Астана – Теміртау тасжолының жалпы ұзындығы – 171 шақырым. Қазіргі уақытта жолдың қайта жаңарту жұмыстары аяқталуда. Жылдың қорытындысы бойынша Астанадан Теміртауға дейін аралықтағы жол қозғалысының 4 жолақ бойынша толық ашылуы жоспарлануда.

Жол жобалау жылдамдығы 140 км/сағ. болатын I техникалық санатты стандарттарға сәйкестендіріліп салынуда.

Жолдың қайта жаңарту жұмыстары тәулігіне 6000 көліктен 28000 көлікке дейін өткізу мүмкіндігін береді.

Жүргізушілерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Аршалы ауылы және Ошағанды ауылында жол бойындағы жылыту қызметін көрсететін 2 тұрақ салу жоспарлануда.

Жұмыс алаңдарында 2000-нан астам жұмысшы және 1200-ге жуық техникалық жабдық тартылған. Жолды жаңарту жұмыстары барысында қолданылатын материалдардың 85%-ы Қазақстан өндірісінің өнімі болып табылады.

Жиналысты қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин «ҚазАвтоЖол» компаниясына нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде, халық үшін жайлы және қауіпсіз қатынасты қамтамасыз ету мақсатында жолдарды қайта жаңарту бойынша жұмыстарды уақытылы аяқтау және атқарылған жұмыс сапасына назар аудару керектігін айтты.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button