Басты тақырып

«Қайнар» сыйлығы табысталды

    Кеше Қарағанды облысы әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиын барысында аймақ басшысы Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ облыс әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығын тапсырды.

    Шараға облыстық жастар саясаты ісі жөніндегі кеңестің мүшелері, облыстық басқармалар басшылары, қалалар және аудандар әкімдері, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, ҮЕҰ-дар және БАҚ өкілдері қатысты.

    Отырыста күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы М.Құттыбайдың, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Ағымбаевтың, облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары А.Садықованың және Саран қаласының әкімі А.Шкарупаның өңірдегі мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы туралы баяндамалары тыңдалды.

     Бұдан кейін, 12 номинация бойынша облыс әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығы салтанатты түрде табыс етілді.

   «Жылдың жас көшбасшысы» номинациясының жеңімпазы болып Шет аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Самат Ахмедия танылды.

    «Ең үздік жас отан қорғаушы» аталымы Ұлттық қауіпсіз дік комитеті шекара қызметінің әскери қызметкері Руфат Бектембековке бұйырды.

    «Жылдың үздік жас мәдениет қызметкері» аталымы Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жүргізуші-артисі Нұргүл Өміртаеваға табысталса, «Жылдың жас қызметкері» аталымына «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі слесарі Елдос Нұрмұхамедов лайық шықты.

92 Қарағанды гимназиясының мұғалімі Ербол Сармурзин мен №53 «Алмагүл» балабақшасының дефектолог-оқытушы логопеді Татьяна Завгородная «Жылдың жас педагогі» атағын иеленді.

    «Жас ғалым» аталымы бойынша органикалық синтез және көмір химиясы институтының маманы Аяулым Исаева марапатталды.

   «Жылдың жас медицина қызметкері» аталымы бойынша Осакаров аудандық орталық ауруханасының дәрігер-терапевті Харлығаш Өмірхан марапатталды.

   «Жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымына Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Ерқара Аймағамбетов лайық деп танылды.

    Қайырымдылық шараларымен айналысып, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектескені үшін «Шын жүректен» аталымын Нияз Сүндетәлиев иеленді.

    «Ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жетім балаларға арналған үздік жасөспірімдер мен балалар үйі» аталымы бойынша «Таңшолпан» балабақшасы жанынан ашылған «Мирас» жасөспірімдер үйі марапатталды.

    «Жылдың үздік жастар ресурстық орталығы» болып Қарқаралы аудандық ресурстық орталығы танылды.

Мирас АСАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button