Қарағанды

Айналаға шаттық шашты

    Оқушыларға, мұғалімдерге, маңайдағы тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күйді білдіретін қанатты сөздер жазылған суреттер таратылды. Тұрғындар ризашылықтарын, осындай шаралар жиі өтіп тұрса деген тілектерін білдірді. Оқушылар да ерекше көңіл күйде айналадағы адамдарды қуанта білді.

Бұл – №86 жалпы білім беретін орта мектепте өткен «Адамдарға шаттық күлкі сыйлайық» атты акция. Оны өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Р.Кәкенқызы мен Е.Мор ұйымдастырған. «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені, біз баланы адал еңбек етіп, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан, ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!», – деп Сара Алпысқызы айтқандай, оқушылардың бойына шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, қоғам алдындағы жауапкершілік, жанашырлық, жақсы көру және кішіпейілділік, жомарттық, аянбай қызмет ету сияқты адамгершілік қасиеттерді сіңіру – акцияның басты мақсаты.

Акция барысында оқушылармен «Менің азаматтық көзқарасым – адамдарға жақсылық жасау» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жалпыға бірдей жақсылық тілеу – адамзаттың асыл қасиеті.

Р.НҰРМАҒАМБЕТОВА,

86 орта мектеп мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button