Жаңалықтар

Аймақты дамытуға – ауқымды жобалармен

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңына, сонымен бірге сәулет-қала құрылысы қызметін реттейтін өзге де нормативті-құқықтық актілерге сәйкес «Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ жұмысы аумақтың қала құрылысын игеру және облыстың қалалары мен елді мекендерінің сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған, ірі елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу саласындағы сәулет-қала құрылысы қызметін одан әрі дамыту жолымен халықтың әл-ауқатын көтеру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Оған қоса, жаңа бас жоспарлардың негізгі міндеті әлеуметтік мәдени объектілер мен тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін қамтамасыз ету мақсатында селитебті аумағын кеңейтуге арналған елді мекендердің аумағын дамыту болып табылады.

Заңның 47-бабы 1-тармағына сәй­кес белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар негiзiнде елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және құрылыс салу жүзеге асырылады. Облыстың жаңа бас жоспарларын әзірлеу бойынша қарқынды жұмыс 2007 жылы басталған болатын.

2007-2016 жж. аралығында Қарағанды облысындағы елді мекендердің 33 жаңа бас жоспары әзірленді, атап айтқанда 9 облыстық маңызы бар қала, 9 аудан орталығы, 15 кент қамтылды. Барлық облыстық маңызы бар қалалар мен аудандық маңызы бар елді мекендердің 26 нақты жоспарлау жобалары жасалды.

Облыстың қалалары мен аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарында елді ме­кендерді бас жоспарлармен уақытылы қамтамасыз ету жұмыстары қа­растырылып отыр. Сонымен бірге, 2020 жылға дейін аймақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бой­ынша іс-шаралар жоспарына 8 кенттің бас жоспарлары мен құрылыс салу схемаларын әзірлеу және Балқаш қаласы бас жоспарын түзету ен­гі­зілген. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру аясында екінші деңгейдегі 1 қаланың (Қарағанды қ.) және үшінші деңгейдегі 10 қаланың (2 шағын және 8 моноқаланың) бас жоспарлары әзірленді.

2017 жылы 2020 жылға дейін аймақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ісшаралар жоспарына сәйкес қала және аудан әкімдерімен бірлесіп, 3 кенттің (Қарабас, Сарышаған, Қарсақпай) бас жоспарларын әзірлеу жоспарланып отыр. 2018 жылы 5 елді мекен (Ақжал, Мойынты, Южный, Молодежный, Шашубай) бойынша әзірлеу жұмыстары да жүзеге аспақ.

Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасының қағидаларын жүзеге асыру мақсатында 2014-2017 жж. арналған Аумақты дамытудың аймақаралық схемасын әзірлеу қарастырылған, аталған жұмыстар шектес жатқан әкімшілік-аумақтық бірліктерді қамтитын, қала құрылысы қызметіне тиесілі объектілердің қала құрылысын дамыту стратегиясын анықтау үшін іске асырылатын болады.

Қазақстан Республикасының Өңір­лік даму министрлігінде Орталық аймақ­тың (Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласының аумағы) Аймақаралық схемасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Аймақаралық схемада Астана агломерациясының аумағын дамытудың негізгі параметрлері, соның ішінде астананың да, елді мекендердің де ең жоғары демографиялық сыйымдылығы, болашақтағы халық саны және қала маңы аймағына енетін елді мекендеріне нақты қызметтік тағайындалым үстеу жөніндегі ұсыныстар анықталады. Аймақаралық схема бекітілгеннен кейін осы көрсеткіштер жаңа бас жоспарларды әзірлеу және қолданыстағы бас жоспарларды түзету үшін негізге алынатын болады. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жаңа бас жоспарларды әзірлеу мен қолданыстағы бас жоспараларды түзету жұмыстарын Схема әзірленгеннен кейін жүзеге асырған жөн. Аталған жұмыстарды аяқтау және бекіту 2017 жылға жоспарланған. Осы схема бекітілгеннен кейін Қарағанды облысы аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы әзірленетін болады.

2016 жылы Қарағанды облысының Қала құрылысы Кеңесінің отырысында Чернобль АЭС апаттың ХХХ жылдығына орай Қарағанды қаласының Чернобыль-қаһармандарына арналған сәулет-мүсіндік композицияның жобасы қарастырылды. Аталған мемориал орнатылып, сәулет туындысының ашылуы Қазақстан Республикасының Конституция Күні – 2016 жылдың 30 тамызында болып өтті. Сонымен қоса, 2016 жылы Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы жанындағы Қала құрылысы кеңесінің жұмыс тобының отырысында кенттің жол бойындағы қызмет көрсету алаңдары мен Осакаров ауданындағы Озерный селолық округіне қарасты жол бойындағы қызмет көрсету алаңының нақты жоспарлау жобалары қарастырылды. Аталған нақты жоспарлау жобалары Осакаров ауданы әкімдігінің қаулыларымен бектіліп, жүзеге асыруға қабылданды.

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасын» құру (32- қадам) бойынша «Нақты 100 қадам» Ұлттық жоспарын тиісті түрде орындау мақсатында, Басқармада қажетті шығындарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Облыс бюджетінен 41 млн.тг. сомасында қаражат бөлінді, елді мекендердің электрондық карталарын өзектендіру бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Бүгінгі күні 9 қала мен 9 аудан орталығының электрондық карталарын өзектендіру жұмыстары аяқталып, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасына тапсырылды.

Басқарма қызметіндегі басым бағыттардың бірі – Қарағанды облысының Мемлекеттік қала құрылысы кадастры (МҚК) ақпараттық жүйесі үшін мәліметтер жинау. Осыдан бұрын МҚК құру аясында облыс елді мекендерінің мекен-жайы туралы мәліметтер қамтылған электронды карталар, қала құрылысы жобаларының (бас жоспарлар) геоақпараттық мәліметтері әзірленген болатын. «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК ұсынылған тізімдерге сәйкес мекен-жайлардың тіркеу кодтарын МТ АЖ енгізу жұмыстарын үлестіруде.

2016 жылы қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес қала құрылысы кадастры саласында Басқарманың мүлігін тапсыру рәсімі бойынша «Мемқалақұрылысы кадастры» РМК қатысуымен бірлескен жұмыстар жүргізілді.

Басқарманың тағы бір қызметі Мекен-жай тіркелімі ақпараттық жүйесін (МТ АЖ) жүргізу жұмыстарының мониторингін жүзеге асыру болып табылады. Қазіргі уақытта қалалар мен аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің МТ АЖ жүргізуге жауапты мамандары мекен-жайлардың дерекқорын жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады. Мұнда құрылысы аяқталған объектіні пайдалануға беру кезінде оған жаңа мекен-жай беріледі, кейін ол МТ АЖ тізіліміне енгізіледі. Заңға сәйкес Басқармада белгіленген тәртіпте мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін ақпарат пен мәліметтерді ұсыну жұмыстары жүргізілуде. «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК ұсынған тізімдерге сәйкес МТ АЖ тіркеу кодтарының мекенжайларын енгізу жұмыстары үлестіріледі.

«Мүгедектерге арналған қолжетім­ді ортаның сақталуы тұрғысы­нан әлеуметтік инфрақұрылым объек­тілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыным­дарды бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 18 тамыздағы №328-ө-м және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 17 тамыздағы №413 бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес Басқарма Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттау) жүргізу мониторингін жүзеге асырады.

2017 жылға және болашаққа арналған негізгі міндеттер – Қарағанды облысындағы елді мекендердің жаңа бас жоспарларын әзірлеу, қолданыстағы бас жоспарларды түзету әрі қазіргі бас жоспарларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен үлестіру арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру болмақ.

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы қажетті ақпаратпен өз ұсыныстарын енгізе отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында нормативті-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады. Басқарманың қызметі туралы толық ақпарат www.uag-krg.gov интернет-ресурсында орналастырылған.

А.Әбдіғұлов,

«Қарағанды облысының

сәулет және қала құрылысы

басқармасы» ММ басшысының

міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button