Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері таңертең Осакаров ауданында Степное ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлікпен қар құрсауында қалып қойған 7 адамды құтқарды.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, көлік ішіндегі 7 адамды, оның 5-і баланы қар құрсауынан шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Азаматтар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.
ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, ауа райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыстың шектелуін қадағалауды сұрайды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz
Видео: облыстық ТЖД