АймақЖаңалықтар

Аймақта жол апатынан екі адам қаза тапты

Toyota Land Cruiser Prado” көлігінің жолдан шығып кетуі салдарынан көліктің 74 жастағы жүргізушісі мен оның 37 жастағы жолаушысы қаза тапты.

Сурет: halyq-uni.kz

Қайғылы оқиға 18 қыркүйек сағат 10.25-те Қарағанды облысының Шахтинск-Есенгелді тас жолында болған. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше «Toyota Land Cruiser Prado» көлігінің 74 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жолдан ұшып кеткен. Жүргізуші мен оның 37 жастағы жолаушысы жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.

– Факті полицияда тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button