Бас тақырып

Аймақтағы ветеринариялық ұйымдарға жаңа автокөлік кілттері тапсырылды

Аймақтағы эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға жергілікті атқарушы билік өкілдерімен қолдау көрсетілуде. Биыл осы мақсатта облыс басшылығының қолдауымен ветеринариялық ұйымдарға 66 автокөлік сатып алынған. Осы автокөліктерді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аймақтағы қала мен аудандардағы ветеринариялық ұйымдарына салтанатты түрде көлік кілтін табыстады. 

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Биыл облыстық бюджеттен ветеринария саласына 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның 500 млн теңгесі – материалдық-техникалық базаны нығайтуға жоспарланыпты. Өңір басшысы өз сөзінде осы саладағы түйткілді мәселелерді тілге тиек етіп, бірқатар атқарылған жұмыстарға тоқталды. 

– Сіздердің салаларыңызда бірқатар мәселелер бар. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Біздің тараптан атқарылып жатқан жұмыстар жедел әрі сапалы болуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Материалдық-техникалық базаны нығайту – жұмыстың тиімділігін арттырады. Осы көлік біршама мәселені шешетінін айтпасақ та белгілі. Қажетті жерге уақытылы әрі сенімді жетіп, жедел көмек ұсына аласыздар, – деді аймақ басшысы. 

Іс-шара барысында Бұқар жырау және Нұра аудандық ветеринариялық станциясына 10 автокөліктің кілті табысталды.

Ал, Шет ауданына 8 автокөлік берілсе, Абай ауданына 7 жаңа көлік жолға шықты. 

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар. 

Ербол ЕРБОЛАТ, 

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button