АймақЖаңалықтар
Аймақтағы шаруа қожалықтарының бірінен әйелдің мәйіті табылды
Марқұм Қарағанды облысы, Шет ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінде аспаз болып жұмыс істеген. Оқиға полицияға хабарланып, қылмыстық іс қозғалды.
– Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, әйелдің өліміне тыныс алу жолдарының жабылуынан туындаған асфиксия себеп болған. Әйелдің денесінен қандай да бір жарақаттар табылған жоқ, – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауды жалғастыруда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.