Бас тақырып

Аймақта қатты желден үйлердің шатыры ұшып, электр желісі үзілді

Қатты желдің салдарынан Қарағанды, Саран қаласы мен Абай ауданында үйдің шатыры ұшып кетті. Одан бөлек, Осакаров ауданында электр қуаты желісі істен шығып қалды. Осыған байланысты облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік желідегі парақшасына үндеу жасады.

Сурет облыстық ТЖД

Аймақ басшысының әлеуметтік желідегі парақшасында:

– Қатты желдің салдарынан Қарағанды, Саран және Абай аудандарында бес үйдің шатыры ұшып, Осакаров ауданында электр қуаты желісі үзілген. Шатырлар жақын арада жөнделетін болады. Осакаров ауданында да электр қуаты қалпына келтірілуде. Мәселені бақылауда ұстап отырмын. Әкімдермен және жауапты тұлғалармен тұрақты байланыстамын, – делінген.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button