Бас тақырып

Аймақ басшысы Ұлттық ұландықтармен кездесті

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс сапарымен Ұлттық ұланның 6505 әскери бөліміне ат басын тіреді. Аймақ басшысын Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков қарсы алып, аймақтағы үш әскери бөлімнің қызметтік-жауынгерлік іс-қимылдары жайлы баяндап берді. Сонымен қатар айдауылдау құрамасының қару-жарағы мен әскери техникаларын көрсетті.

Суреттер: Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен

Облыс әкімі кездесу барысында әскери бөлім аумағында салынатын басқарма органдарына арналған ғимараттың жоспарымен танысты. Әрі нысанның қолайлы салынуына қатысты өз ұсынысын білдірді.

Кездесуде құрметті қонақ қамтамасыз ету бөлімшелерінің қысқы және жазғы жабдықтарының дайындығымен танысып, сарбаздардың асханасында да болып қайтты.

– Біздің аймақта қызмет ететін әскерилерге барынша жағдай жасалуы керек және бұл мәселелер басшылық тарапынан әрдайым бақылауда болғаны жөн, – деді Ермағанбет Қабдулаұлы.

Облыс әкімі кездесу соңында жеке құрам жауынгерлеріне мемлекет алдындағы міндеттерді адал ақтарып жатқаны үшін алғыс білдірді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button