Бас тақырып

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қаланы жаяу аралады

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев таңертеңгі 8:00-ден бастап Қарағанды қаласын жаяу аралады. Қала және Қазыбек би атындағы аудан әкімдерімен бірге Оңтүстік-Шығыстың бір бөлігін жаяу жүріп өтті. Көше күйін көзбен көріп, қоқыс қалдықтарынан арылтуды тапсырды.

Суреттер мен видео: облыс әкімдігінен

Сонымен қатар, аудан әкімі Ералы Оспановқа көше тазалығына көңіл бөліп, қаланы ретке келтіру керектігін баса айтты.

– Мына бір жерді қарасаңыз, көзге оғаш ештеңе көрінбейді. Алайда, таяп келсеңіз құрылыс қалдықтары жатыр. Жауаптылар өзіне жүктелген жұмысты соңына дейін жасамаған. Яғни, шашып кеткен. Неге соңына дейін аяқтамайды жұмыстарын? Осындай дүниелерді көзбен көру үшін жаяу жүріңіздер, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Әлеуметтік нысандар мен жеке кәсіпорын учаскелерінің тазалығына баса назар аударды.

– Қыстан кейін қоқыс көп. Дегенмен, ауданды тазарту жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты кемшіліктер бар екенін мойындауымыз керек. Мердігерлердің жұмысына қатысты сұрақтар бар. Бизнес, ПИК участкелеріне өздері тазарту жұмыстарын жүргізу керектігін айтыңыздар. Қазіргі біздің басты міндет – қаланы аз уақыт ішінде ретке келтіру, – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, Ермағанбет Бөлекпаев қала, аудан әкімдерімен бірлесе әр көшені осылай жаяу жүріп арнайы тексеретінін баса айтты. Әрі 13 сәуірде жалпы қалалық сенбілік өтетінін мәлімдеді. Сол сенбілікке қала тұрғындарын белсенді қатысуға шақырды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button