Басты тақырып

Аймақ ахуалы: кеше, бүгін, ертең

    Кеше аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ және облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Серғазы ӘДЕКЕНОВТІҢ қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті Х сессиясы өтті.

Облыстық мәслихат депутаты Шамиль Осин төрағалық еткен сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудандардың әкімдері, қалалық, аудандық мәслихаттардың хатшылары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысының күн тәртібіне сәйкес, облыс әкімі Ерлан Қошанов өзіне жүктелген міндеттердің орындалысы және облыстың биылғы жылдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалының көрсеткіштері туралы есеп берді.

Халық қалаулыларының алдында облыстың агро­­өн­еркәсіптік кешенінің жағдайы мен оны одан әрі дамыту мәселелері туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров баяндама жасады.

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыстық бюджетке толықтырулар мен өзгерістер енгізу сияқты өзге де мәселелер қаралды.

Сессия жұмысы туралы кеңейтілген ақпаратты газеттің келесі санынан оқисыздар.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button