Білім

AgroSkills-2024 чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Қарағанды облысында AgroSkills-2024 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары анықталды. «Ветеринария» және «Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттері бойынша біліп алып жатқан Абай көпсалалы колледжінің студенттері үздік атанды.

Суреттер: Абай көпсалалы колледжінен

Облыстық чемпионат үш күн бойы Абай көпсалалы колледжі базасында өтті.

«Ветеринария» құзыретіне қатысушылар бірнеше модульде бақ сынасты. Олар ультрадыбыстық, зертханалық диагностика және жоспарлы хирургиялық операцияларды қолдана отырып, жануарларға визуалды диагностикалау жүргізді, ішкі және сыртқы тігістерді, түйіндерді байлау шеберлігін көрсетті.

Осы сала бойынша ең үздік деп танылған Абай көпсалалы колледжінің үшінші курс студенті Әділ Оңғарбаев атанды.

 – Мен бала кезімнен ветеринар болғым келді, сондықтан Абай көпсалалы колледжіне түстім. Бірінші курстан бастап оқуды және ветеринарлық клиникадағы жұмысты қатар алып жүрдім. Алдымен тегін жұмыс атқардым, қазір штаттық ветеринар ретінде жұмыс атқарудамын. Мен өз мамандығымды жақсы көремін және осы бағытта білімімді әлі де жетілдіремін. Клиникадағы тәжірибемнің арқасында мен барлық модульдерден оңай өттім. Болашақта осындай республикалық байқауларға қатысқым келеді, – дейді байқау жеңімпазы Әділ Оңғарбаев.

«Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және қызмет көрсету» номинациясына қатысушылар бірнеше модульдерде тапсырма орындады. Олар ақауларды жойып, сепкіштердің, пресс-жинағыштардың жұмысын толықтырды және реттеді, сондай-ақ МТЗ-82 тракторын мәнерлеп жүргізуде жарысты.

Ал, бұл модуль бойынша кезекті жеңімпаз Абай көпсалалы колледжінің төртінші курс студенті Антон Риндик.

– Үш жылдан бері шаруа қожалығында тракторшы болып жұмыс істеп, қазір колледжде оқимын. Менің алған білімім мен тәжірибем жеңіске жетуге көмектесті. Кез келген ауылшаруашылық техникасын оңай жинап, бөлшектеймін деп айта аламын. Себебі мен өзіме ұнайтын мамандықты таңдадым. Болашақта әскерге барып, өз мамандығы бойынша ЖОО-ға түскім келеді, – деді жеңімпаз Антон Риндик.

Назерке ҚУАНЫШ,

Е.Бөкетов атындағы зерттеу университеті

журналистика бөлімінің ІІ курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button