Абай

Адамзаттың Абайы

    Жазба әдебиетіміздің негізін салушы қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ туғанына биыл 172 жыл толып отыр. Ұлы ақынның құрметіне қаламыз Абай атымен аталды.

«Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?!» деп ақынның өзі айтпақшы, хакімнің туған күніне орай қаламыздағы Абай Құнанбайұлы мұражайында «Дархан халықтың дана Абайы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Аталған іс-шараға орталық балалар кітапханасының қызметкерлері мен жас оқырмандар белсене қатысты. Мұражай қызметкерлері балаларды ондағы залдармен таныстырды. Әр залда ақынның өлеңдер жинағы, әндері, басқа да еңбектері сақталған. «Айттым салем қаламқас», «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып», сонымен бірге тағы басқа қызықты экспонаттары көрермендер қызығушылығын оятпай қоймады.

Абай қаласының жас ақыны Станислав Мезенцев Абай Құнанбайұлына өзі шығарған арнау өлеңдерін оқыды. Орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Сағыныш Рахымбекқызы оқушыларды «Абай – әлемдік тұлға» атты кітап көрмесімен таныстырды. Оқушылар кітап көрмесін құмарта жүріп, ұзақ уақыт тамашалады. Аталған іс-шараның соңын келген балаларға сұрақ қою арқылы қорытындылап, Абай өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін кино көрсетілді.

Өз тілшімізден.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button