Қарағанды

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысына алдағы сапары

9-10 ақпанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары өтеді.

Ресми сапар барысында 9 ақпанда Қазақстан омбудсмені Артур Ластаев Уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі Азамат Тілешевпен бірлесіп облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен және прокуратура, полиция департаменті және ҚАЖ департаментінің басшыларымен кездесу өткізеді.

9 ақпанда Омбудсмен Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілмен және ұлттық алдын алу тетігі қатысушылармен қабылданған халықаралық міндеттемелерге сәйкес, балаларды тиісті құқықтық қорғау, балаларға психологиялық, педагогикалық және медициналық қолдау жөніндегі қызметтің іс-қимылдары, азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлерінің алдын алу жөніндегі жұмысты күшейту жөніндегі одан әрі іс-қимыл жоспарын талқылайды.

Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы құқықтық ағарту, құқық қорғау ұйымдарының қызметін үйлестіру мен қолдау деңгейін арттыру қажеттілігі, білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі және халықтың білім деңгейін арттырудағы ынтымақтастық перспективалары, бірінші кезекте Қарағанды тұрғындардың жастар бөлігін қамтитын құқықтық ағартудың тұтас жүйесін құру туралы келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.

Сол күні Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Ластаев 9 ақпанда сағат 15:00-ден 18:30-ға дейін облыс тұрғындары үшін алдын ала жазылу бойынша, байланыс нөмері: +7-771-437-69-73, азаматтарды жеке қабылдауды өткізеді. Мекенжайы: Шахтёров даңғылы, 64, «Қазақстан халықтары Ассамблеясының Достық үйі» ғимаратында.

10 ақпанда Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №31 (АК-159/7) мекемесіне барады, оның барысында Уәкіл сотталғандарды жеке қабылдауды жүргізеді.

Күн тәртібінде – Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың Қарағандыдағы «Ана Үйі – Дом Мамы» дағдарыс орталығына баруы, б9л мекемеге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер жүгінеді. Дағдарыс орталығына барудың мақсаты – әйелдерді осындай мекемеге жүгінуге мәжбүр ететін мәселелермен танысу, шешу жолдары.

Облыс әкімімен және прокуратура, полиция департаменті және ҚАЖ департаментінің басшыларымен кездесу 9 ақпанда сағат 11:00-де, Алиханова көшесі, 13 мекенжайындағы облыс Әкімдігінің ғимаратында өтеді.

 Байланыс нөмері:

Бекетаев Айхан

+7-702-403-09-92

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button