Жаңалықтар

Адам тағдырының арашашысы

   Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында және Конституция күніне орай Қарағанды облыстық сотында салтанатты ресми жиын өтті.

Сот жүйесінің қызметкерлері адам тағдырына араша түсіп, заңсыздыққа жол бермейді.

Міне, осы салада әділдікті ту етіп, сот жүйесіне кір келтірмей, абыройлы қызмет атқарып келе жатқан асыл азамат – Саран қалалық сотының төрағасы Болат Имашев.

Болат Имашев 1982 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін Шахтинск қалалық прокуратурасында аға тергеуші, қала прокурорының орынбасары, Саран қаласының, одан соң Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданының прокуроры қызметтерін абыроймен атқара білді.

Прокуратура саласындағы еселі еңбегін елеп және білікті маман ретінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот алқасы Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданының, одан соң Саран қалалық сотына төраға етіп тағайындады. Қандай қызметте болса да адами құндылықтарды бәрінен биік қоя білген Болат Имашевтың қиын әрі аса жауапты қызметтегі еселі еңбектерін бағалап, сот жүйесіндегі көп жылғы мінсіз еңбегі, сот төрелігін жүзеге асырудағы табыстары, судьялар қауымдастығындағы белсенді қоғамдық қызметі үшін Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы С.Байбатыров «Үш би» Құрмет белгісімен марапаттады. Бұл «Үш би» белгісі судьялар қауымдастығы үшін ең жоғары марапат болып саналады.

Болат Темірұлы – облысымыздағы көнекөз заңгерлердің бірі, ардақты әке, асыл азамат.

Сот саласының барлық қызметкерлері ардақ тұтып, құрметтесе, соңынан ерген жас буын осы ағасына еліктеп бой түзейді. Өз ортасында сыйлы, ағайын-туысқа ардақты, білгір басшы, адамгершілік пен адалдықтың эталоны, беделі асқақ азамат Болат Имашевқа марапатың құтты болсын демекпіз.

Зағыпар ШӘКЕНТАЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button