Бас тақырыпРесми

Абзал жандар – абырой биігінде

Маусымның үшінші жексенбісінде елімізде ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесі тойланады. Мереке қарсаңында денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлеріне облыс әкімінің сыйлығы тапсырылды. Жыл сайынғы жақсы дәстүрге айналған салтанатты шара Кеншілер мәдениет сарайында өтті.

Марапаттау салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев жиналғандарды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Әр сала бойынша үздік шыққан мамандармен қатар, «Мамандыққа адалдық» аталымында облыстық балалар клиникалық ауруханасының неонатолог дәрігері Светлана Курганская да марапатталды. Өмірінің 46 жылын осы салаға арнаған Светлана Андреевна талай шақалақтың адам болып кетуіне еңбек етіп келеді.

Бұл күні елімізге белгілі Толқын Зәбирова, Әлішер Кәрімов, Зарина Алтынбаева, Мұхаммедәли Жүгінісов секілді танымал эстрада және опера әншілері өнер көрсетіп, мереке көрігін қыздырды.

Жансая ОМАРБЕКОВА,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button