Абыз аймақтың айтулы мерекесі

   Шара барысында «1936 жыл – Қарағанды облысының құрылу жылы», «Саяси қуғын-сүргін жылдары – соғыс жылдары», «60-ыншы жылдар – соғыстан кейінгі жылдар», «Елбасының облыстағы еңбек еткен жылдары», «Халықтар достығы» сынды ауқымды бес тақырып қамтылады деп күтілуде.

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков аймақ жұртшылығына құттықтауын жеткізіп, еңбегімен еленген бірнеше жерлесімізді Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен марапаттайды.

Тарихы – терең, тұғыры – биік өлкенің өткен өмірі, таспалы тағдыры талқыға түсер жиында жер-жерден келген әнші-күйшілердің, өнер майталмандарының концерттік бағдарламасы ұсынылып, орамды ойлар, тағылымды тілектер айтылмақ. Ел экономикасының елеулі тірегі саналатын өндіріс аймағының сындарлы сәтінен Сіздер де қапы қалмаңыздар. Сарыарқаның сан ғасыр сақтаған тұма тарихы, бейнеті мен зейнеті, жеңісі мен жемісі, бағындырған биігі мен жеткен жетістігі – әлі талай ұрпаққа үлгі болады деп сенеміз.

Сексен жылдың сеңгіріне аяқ басқан абыз аймақтың айтулы мерекесі – ел дамуының ерекше көрсеткіші.

Мерекелік іс-шараның барысы туралы кеңейтілген ақпаратты газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.