Абыроймен – зейнетке

     Қарағанды қаласындағы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 52859 әскери бөлімінің ұжымы төрт офицерді құрметті зейнет демалысына салтанатпен шығарып салды.

    Зейнетке шыққандар қатарында бірнеше жыл бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары болған подполковник Михаил Морозов, төтенше жағдайлар саласында талай жыл еңбек еткен, І құтқару батальонының командирі, подполковник Аманғазы Қалиашев, түрлі лауазымды қызметтер атқарған подполковник Сергей Бобров және ІІ құтқару батальоны командирінің тәрбие және әлуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, капитан Долкунжан Тәжиев бар.

    Салтанатты шарада полк командирі, полковник Әрлен Бүркітбай аталған офицерлерді жеке құрам атынан құттықтап, олардың елеулі еңбек жолына тоқталды. Отан алдындағы сертінен айнымай, талай жылдар бойы атқарған қызметтері үшін алғысын білдірді. Бағалы сыйлықтар тапсырды.

     Өз кезегінде зейнеткер жасына жеткен офицерлер де осы бөлімдегі қызмет сапарында орын алған оқиғалар туралы әңгімелеп, естеліктерімен бөлісті. Ардагер ретінде бөлімнен қол үзбей, келешекте де жас кадрлар дайындау ісіне белсене араласуға дайын екендіктерін жеткізді.

Шара соңында әсем ән мен көрікті биге кезек берілді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.