Қарқаралы

Абыройлы міндет

Отан алдындағы ұлы жауапкершілігін сезінген қарқаралылық жастар әр әскерге шақыру маусымында ерекше құлшыныс білдіріп келеді.

«2017 жылғы наурыз-мау­сым, қыркүйек-желтоқсан ай­ларында Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті әскери қызметке шақыру» ту­ралы Қазақстан Республикасы Президентінің N449 Жарлығына сай, ауданда қызу науқан басталып кетті. Медициналық комиссияның тексеруінен өтуге келген жастармен әскерге шақыру комиссиясының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Сайлау Әлиұлы арнайы кездесіп, Отан алдындағы борышты абыроймен атқару, еліміздің күш-қуатын нығайта отырып, оның бейбіт күндегі тыныштығын сақтау – әр азаматтың міндеті екендігін баса айтты.

Аудандағы қорғаныс істері бөлімінде басталған әскерге шақыру науқанында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметіне 23 азамат жіберілді. 9 сарбаз Ақтау, Гвардейский, Луговая қалаларының әскери бөлімдеріне аттанды. Ендігі кезекте Қорғаныс министрлігінің тектері жабдықталуда.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button