Жаңалықтар

Абонент автокөлік ұтып алды

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы OTAU TV жерсеріктік телевизиясы абоненттеріне арналған кезекті акциясын қорытындылады. Акция ережелеріне сәйкес, телеарналардың «Толық» топтамасына 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімде қосылу қажет болатын.

«Random» кездейсоқ сандар генераторы арқылы бірінші орын және бас жүлде жеңімпазы – автокөлік иегері болып Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жұмахан Балапанов ауылының тұрғыны Жанар Асылбекқызы танылды.

«Бізге автокөлік ұтып алдыңыз деп хабарласқанда, бірден сене қоймадық. Бірақ, мұның әзіл емес екенін білгенде біздің қуанышымызда шек болған жоқ. Балаларымыз қалай қуанды десеңізші! Өйткені, біз автокөлік сатып алуды жоспарлаған болатынбыз, міне, бүгін айымыз оңынан туып, үйге жап-жаңа автокөлігімізбен жолға шығатын болдық. Сыйлық үшін OTAU TV үлкен рахмет!» – деп бас жүлде иесі өз қуанышымен бөлісті.

Қызылорда қаласының тұрғыны Мұрат Досмағанбетов Iphone 6 сыйлығын иеленсе, үшінші орында тоңазытқыш ұтып алған Алматы облысы, Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының тұрғыны Алпамыс Мирманов: «Біз OTAU TV абоненті атанғанымызға төртінші жыл, төлемді үнемі бір жылға алға төлеп қоямын. Акция туралы еститінмін, бірақ, мұндай акциялар бойынша жеңіске жету мүмкін емес деп ойлайтынмын. Өз тәжірибемде түсінгенім, ұтыс ойындары ешқандай боямасыз өтетіндігіне және оның жеңімпазы болу әбден мүмкін екеніне көзім жетті» – деп өз қуанышын жеткізді.

Бұл ұтыс ойыны 2015 жылғы 1 қазаннан бастау алған акциялардың қорытындысы болды. Осыған дейін ұтыс ойынының екі кезеңі өткізілген болатын: бірінші аралық ұтыс ойыны жеңімпазына Smart TV теледидары табысталып, ал екінші аралық ұтыс ойыны жеңімпазы Үндістанға Гоа аралына екі адамға арналған сапарды ұтып алған болатын.

Акцияның аяқталу қорытындысы бойынша – «Қазтелерадио» АҚ 7 қазанда жеңімпаздарды құттықтау бойынша салтанатты шара өткізген болатын.

«Бүгінгі күні, OTAU TV жерсеріктік телевизиясын пайдаланушы абоненттер саны 1 миллионнан асты, бұл шамамен 4 миллионнан астам отандастарымыздың қатарын құрайды. «OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабарларын тарату қызметтеріне қосылу, еліміздің барлық аумағында қолжетімді. Біздің абоненттер отандық 56 телерадио арнаға тегін және ақылы түрде 63 танымал шетелдік телеарнаға қосылу мүмкіндігіне ие. Осылайша, қалалық және ауылдық тұрғындарға отандық және шетелдік арналардан жан-жақты ақпарат алуға тең мүмкіндіктер жасалған. Қазтелерадио хабар тарату сапасын арттыру мен телерадио арналардың оңтайлы тізімін қалыптастыру бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп отырады. Мысалы, 2017 жылдың 1-ші тоқсанында біз өз тұтынушыларымызға HD-сападағы телеарналардың кең таңдауын ұсынуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі акция біздің тұтынушылар үшін алғаш немесе соңғы рет өткізіліп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта, мысалы, 4 қазан мен 4 қараша аралығында планшет ұтыс ойыны акциясы өтуде. Бұл жылдың аяғына дейінгі соңғы акция емес, сондықтан, ақпараттарды қадағалаңыздар, біз алдағы уақыттарда абоненттерімізді көптеген жаңалықтарымызбен қуантатын боламыз», – деп «Қазтелерадио» АҚ Коммерциялық директоры, Басқарма мүшесі Евгений Галкин салтанатты шарада мәлімдеді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button