АбайАймақЖаңалықтар

Абайда өткен облыстық агрокеңес

Жылдағыдай көктемгі егіс қарсаңындағы облыстық агрокеңес Абай қаласында өтіп, оған облыс аудандары мен ауылдары әкімдері, агроқұрылым басшылары, сақтандыру, қаржыландыру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Агрокеңес басталар алдында облыс әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев пен осы жиынға арнайы келген республика Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат
Сиражитдинұлы Сұлтанов осы Абай қаласында «Alisha Qroup» ЖШС ет өңдеу кәсіпорнының ашылуында болып, Мәдениет үйі алдындағы ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесімен танысты.

Бұдан кейін Мәдениет үйінде болған агрокеңесті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ашып, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов республика бойынша биылғы көктемгі егіс науқанына дайындық барысы жайлы баяндап, оны уақытында және ұйымдасқан түрде өткізу шараларына тоқталды.


Жарыссөзде облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Әнуар Тюлюбеков, Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов, облыстық Гидрометеорология орталығының директоры Нұрлан Шахарбаев, «Қазагроқаржы» АҚ облыстық бөлімшесінің басшысы Ринат Қабен және тағы басқалар сөйлеп, алдағы көктемгі егіс науқанына әзірлік, осы науқанның минералдық тыңайтқыштар, тұқым мен техника, жанар-жағар маймен қамтамасыз етілуі жайын сөз етті.


Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, облыстық агрокеңесті Ермағанбет Қабдулаұлы қорытындылады. Облыстық агрокеңес туралы газетіміздің келесі санынан толық оқисыздар.

Ержан ИМАШ
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button