Абай

Абайда кәсіпкерлерге арналған алаң ашылды

Абай қаласында  кәсіпкерлерге арналған «Өсу нүктесі» атты диалог алаңы ашылды. Оның мақсаты –  аудандағы бизнестің дамуына жаңа серпін беру, кәсіпкерлікті дамыту институттары мен атқарушы мемлекеттік органдар арасында байланыс орнату. 

Диалог алаңы «Туған жер» арнайы жобасының негізгі бағыттарын қолдайды. Яғни, кәсіпкерлер  туған өлкесінің дамуына үлес қосып, ауданның әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысады. Сондай-ақ, бизнесмендерге, мемлекеттік қызметшілерге, зиялы қауым өкілдеріне және жастарға көмек көрсетеді.
Өткен аптада сұхбат алаңында алғашқы кездесу өтті. Оны Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов ашты. Ол кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдалануға, тәжірибе алмасуға шақырды. 
Кездесуге қатысушылар үшін оқушылардың өз қолдарымен жасаған бұйымдары ұсынылған балалар бизнес-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Басқа материалдар

Back to top button