Абай

Абай ауданында ардагерлер ардақталды

Биыл Абай ауданы құрылғанына – 25 жыл. Республикалық ардагерлер ұйымына – 35 жыл. 12 қазан күні қатар келген қос мереке Абай ауданында бірге аталып өтті. Аудан әкімі Бауыржан Асанов бір топ ардагерлерді қабылдап, соңы мерекелік шараларға ұласты.

Аудан әкімдігіндегі кездесуде Бауыржан Қоңырбайұлы ардагерлерді мерекемен құттықтап, әрқайсының аудан дамуына қосқан үлесіне жеке тоқталып, «Сіздердің өнегелі өмір және еңбек жолдарыңыз бүгінгі жас ұрпақ үшін қашанда үлгі. Көбіңіз әлі де аттан түспей, қажырлы еңбек етіп жүрсіздер. Сіздердің бай тәжірибелеріңіз қоғам, ел үшін әлі де қажет» деді.

Келесі кезекте сөйлеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы ұйым құрылған күннен бастап өңірдегі атқарған жұмыстарынан қысқаша мәлімет беріп, қолдау көрсетіп отырған аудан әкімдігіне алғыс айтты. Қазір бұл жергілікті ұйымның құрамында 9600 адамы бар бастауыш буын бар екен. Соның бірі – Дубовка селолық ардагерлер ұйымының төрағасы Кеңес Тоқтаров та ауылды өркендету мен көркейту жолында жүзеге асырылып жатқан оң өзгерістерге риза екенін, өздерінің осындағы мектеппен тығыз байланыс орнатып, сенбіліктер ұйымдастырып, ағаш, гүл отырғызғандарын айтты.

Осы ретте Бауыржан Асанов 2023 жылдан аталған елді мекен толық газдандырылып, су қабырлары жаңғыртылып, көшелер тегіс асфльтталып, қала үлгісіндегі ауылға айналатынын мәлімдеді.

Бұдан кейін аудан әкімі кездесуге қатысушылардың бірқатарына Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар, ақшалай сертификаттар табыс етті.

Шара барысында ардагер ақындар мүшәйрасының қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде І орын Есенғали Төкебаевқа, ІІ орын Құзайра Әбдіқалықовқа, ІІІ орын Абай Бекейге бұйырып, грамоталар мен ақшалай сылықтар берілді.

Қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, ардагерлер шахматтан өзара күш сынасып, шағын концертте «Баян сұлу» дуэті, әжелер ансамблі, ауданның басқа да өнерпаздары ардагерлерді ән мен күйге бөледі.

Ержан ИМАШ.

АБАЙ ауданы

Басқа материалдар

Back to top button