Абай

Абай қаласындағы тігін фабрикасы ерекше маскалар тігуде

Абай қаласының тігіншілері “Кет, COVID-19!”, “Деніміз сау болсын!” және басқа да ерекше жазуы бар маскалар тігуде. Олар осы арқылы тұрғындарды сабырға шақыруды және оптимизмді сақтауды көздейді.

Кәсіпорын тігіншілері дәке, шыт және боз матасын қолданып, бірнеше мәрте қолдануға болатын маскаларды дайындауда. Оларды қолданған соң жуып, үтіктеуге болады.  

– Біздің тапсырыс берушілеріміз – зауыттар, құрылыс компаниялары, наубайханалар, медициналық мекемелер, облыс тұрғындары. Бетперделерді негізгі тапсырыстармен қатар дайындаймыз, сондықтан олардың саны аз – күніне 2 мың данадан 4 мыңға дейін ғана, – дейді фабрика басшысы Ирина Малюк.

Тігіншілер өздерінің және тұтынушылардың көңілін көтеріп, сергектің силау мақсатында   көңілді аппликациялар, кесте, позитивті жазулары бар маскаларды тіге бастаған.

“Адамдар қайырымды және шыдамдырақ болуы үшін еңбек етіп жатырмыз”, – дейді тігіншілер. 

Басқа материалдар

Back to top button