Бас тақырыпРесми

Қаңтардан бастап шәкіртақы өседі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап  бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысын 25 %-ға өседі.  Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі сурет

«Өзекті мәселелердің бірі жоғары оқу орындары студенттердің шәкіртақысын көтеру екенін жақсы білемін. Бұл мәселе назардан тыс қалып, шәкіртақы 2016 жылдан бері көтерілген жоқ. Бірақ, оның объективті себептері болды. Сондықтан, студенттерді қолдау үшін мен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысын 25 %-ға көтеру туралы шешім қабылдадым», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті дәл осындай қолдау колледж студенттеріне де көрсетілетіндігін айтты.

«Естеріңізде болса, осы жылдың қыркүйегінен жұмыс мамандығыны алып жатқан 122 мың студенттің шәкіртақысы 30 пайызға артты. Менің тапсырмам бойынша, Үкімет 2020 жылдың қаңтарынан орта арнаулы білім алатын колледж студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға арттырады.  Бұл шаралар студенттерімізге жақсы қолдау боларына сенемін»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Басқа материалдар

Back to top button