Қаңтар оқиғасы бойынша 4 623 қылмыстық іс тергелді
Қаңтар оқиғасы бойынша 4 623 қылмыстық істі тергелді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Мәжіліс отырысында қатысты айтты.

Олардың көбісі – адам өлтіру, ұрлық, қару-жарақтың заңсыз айналымы, бұзақылық, бөтен мүлікті қасақана бүлдіру қылмыстары. 20 мыңнан астам азаматтан жауап алынды.
– 5 мыңнан астам сараптама тағайындалды. Ұрланған мүліктің көбі тәркіленді. Қылмыстық істер бойынша 983 адам ұсталды. Оның 502-сі арнайы прокурорларға берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескере отырып – 255 адам босатылды. Бұл соттылығы жоқ және залалды өз еркімен өтеген азаматтар. Адамдардың көпшілігіне бас бостандығынан айырмайтын бұлтартпау шаралары қолданылды, – деді министр.
Төтенше жағдай кезінде ауыр қылмыс жасағаны үшін 12 кәмелетке толмағандар анықталып, оларға қарсы бұлтартпау шарасы, бас бостандығынан айырмау шарасына өзгертілгенін тап өтті.
– Жалпы, тергеу қылмыстық процестің үш буынды моделіне сәйкес жүргізіліп жатыр. Яғни, тергеушілердің барлық негізгі шешімдері прокурордың қадағалауы арқылы келісімінен және соттың бақылаумен өтеді. 631 айыпталушы сотқа жолданды. Олардың 132-сі – бас бостандығынан айырылды, ал қалғандары – шектеу, қоғамдық жұмыстар мен айыппұлдар салынды. Бірқатар күдіктілер жәбірленушілерге келтірілген залалды өз еркімен өтеді. Татуласу салдарынан кейбір қылмыстық істер тоқтатылды, – деді министр.
Бүгінгі күні, Рақымшылық туралы Заңына сай 980 тұлғаларға қолданылды. Қамаудан 76-сы босатылды. 904 сотталғандарға қарсы мерзімдері қысқартылды. Қазір өндірісте 36 қылмыстық іс бар.