Ақпарат айдынында – қос газет

   Кеншілер қаласы Сәтбаевта «Аймақ ақшамы» және «Вечерний Сатпаев» атты қос газет оқырмандарға жол тартты. Жаңа басылымдардың құрылтайшысы және жарыққа шығарушы – аймаққа танымал журналист Абдолла ДАСТАНОВ.

Ақпарат айдынында қоғамдық-танымдық, ақпараттық-жарнамалық бағыттағы апталықтар ретінде «желкен керген» газеттердің алғашқы сандары оқырман тарапынан оң сипатты бағаны иеленіп те үлгерді. Алдағы уақытта аталған бұқаралық ақпарат құралдары Сәтбаев қаласындағы оқырман қауымнан тысқары, қанаттас қала – Жезқазған және Ұлытау ауданының тұрғындарымен де қауышпақшы.

Біз, өз кезегімізде, батыл қадамға барған әріптесіміз Абдолла Дастановтың тәуекелшіл әрекетіне «Бәрекелді!» дей отырып, басылымдардың бағы жануына тілектестік білдіреміз.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

СӘТБАЕВ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.