Жаңалықтар

Ақиқаттың абызы

Абзал БОКЕН

Газетті жұрттың көз, тіл,
                                     құлағы, – деп,
Айтқантын Бөкейханов бір-ақ рет.
Айтқаны бір-ақ рет –
Көктеп шықты
«Мәңгі елдің» көгалы мен
        құрағы боп.

Таратқан таңсәріден жаһанға арай,
Пай-пай-пай, Әлекең мен
                                      Ахаңдар-ай.
Пай-пай-пай, Жақаңдар-ай,
Бірі – заңгер,
бірі – ойгер сөз сөйлемес
                                       мақамдамай.

Жеткізіп тусыраған тыңға назын,
«Қазақ» деп атады олар үнқағазын.
Патшаның зәресі ұшқан сол газеттен,
Қала емес,
болам ба,–  деп қырда жазым.

«Қазақты» жапқан содан…
Өзі бұзық
заманның түзететін тезі қызы.
Сонда да газет біткен атауынан
Көрген жоқ «қазақ» деген сөз үзіліп.

Халқының қамын ойлап,
Қаламұштан
қаншама текті ойлардың тарамы
                                                    ұшқан.
Мәселен, ол – «Егемен Қазақстан»,
Мәселен, ол – «Орталық Қазақстан».

«Орталық» оңды ісіме кепіл болып,
Келеді кемел буын нөпірге еріп.
Ахаңның «Қазағының»
        қайта ұшталған
он бес мың таралымы секілденіп.

Бұлқынған азат ойдан бұла бітім,
Бойына іздер емес, сірә, күтім.
Келсе де сексен беске,
Ел дегенде
Тілі – өткір, көзі – көргіш,
                                         құлағы – тың.

Елімен сексен бес жыл көнені өңдеп,
Көмкерген ұмытылмас кенен еңбек.
Екінші «СҚ» деуші ед оны бұрын,
Еншің алсын енді екінші
                                         «Егемен» боп.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button