«Ақбөкен» (Ерлан Нұрғалиевтің рухына арналады)

Ақбөкендерді қорғау жолында опат болған Ерлан Нұрғалиевтің қайтқанына  40 күн өтіпті. Ер есімі — ел есінде. Айтыскер ақын Өміржан Көпбосын  табиғатты қорғау жолында ерлікпен қаза тапқан батырдың рухына арнап «Ақбөкен» деген ән шығарды.

«Ақбөкендерге араша түсіп, қандықол қарақшылардың қолынан қаза тапқан Ерлан ағамыздың ерлік ісі ел есінде мәңгі сақталады.»Халық Қаһарманы» атағын бермесе де, xалықтың жүрегінде қаһарман ретінде қалған асыл азаматты жас ұрпақ үлгі тұтып өсуі тиіс. Ерлан ағамыздың дүниеден озғанына қырық күн толады екен.Өзі өмірден ерте кетсе де,соңына өшпейтін өнеге қалдырған ағамыздың руxына азаматтық борышым ретінде осы әнімді арнаймын.Жүректен шыққан әнім жанашыр жұрттың да жүрегіне жол тартса екен деп тілеймін!!!», — деді Өміржан Көпбосын.