Аң аулауға тыйым салынды

      Жақында жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Сергей Рябцев көктемгі аң аулауға тыйым салу бойынша мәлімдеме жасады.

    Аумағымызда қолданысқа түсіп жатқан аң аулау ережесіне сәйкес, көктемгі мезгілде ауланатын аңның мөлшерін анықтап, тыйым салу, азайып кеткен аңдарды қалпына келтіруге көмектесетіндігін айтты. Оның ішінде зерттеу бойынша суда жүзетін құстардың қоры азайған көрінеді. Көктемгі аң аулау науқанында ресми түрде рұқсат етiлген лимиттерге сәйкес орындалуға тиісті.

Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бұйрығына сәйкес 2017 жылдан бастап аң аулауға тыйым салынды. 16 ақпан мен 14 маусым аралығында шектеулі ережеге аңшылардың бағынғаны абзал. Жабайы құстардың саны да шектеледі. Тәулігіне бес құстан аспау керек. Сондай-ақ, көктемгі аң аулауға заңды түрде рұқсаты бар кейбір аңшылар тыйым салынған аңдарды да аулауда заң бұзушылыққа барып жатады. Жоғарыда көрсетілген шектеулерді сақтамау пәрменді фактор болып саналады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабы бойынша жауапқа тартылады. Айыппұл мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (11 345 теңге) – деді жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Сергей Рябцев.

Нұрдос КӘРІМ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.