Ақадырлықтар әкім сайлауында белсенді

Бүгін Шет ауданы Ақадыр кенті бойынша 4 сайлау учаскесінде сайлау өтуде. Барлық сайлаушыларға тегін бетперде, қалам және қолғап таратылды. Дауыс беру барысында барлық санитарлық нормалар қатаң сақталды. Алғашқы келген сайлаушыларға сыйлық табысталды.

Сағат 10.00-дегі көрсеткіш бойынша Ақадыр кентіндегі сайлау учаскелеріндегі дауыс берген сайлаушылардың үлесі — 5, 53 пайыз.

Ақадыр кентіндегі №734 сайлау учаскесінің төрағасы Қырмызы Мейрамғалиқызының айтуынша, 2506 сайлаушы тізімде бар. Ал, сағат 11 30-да 630 адам дауыс беріп үлгерген. Халықтың белсенділігі жақсы.

— Ақадыр кенті әкіміне үш үміткер бар. Сайлаушылардың саны — 2506. Қазіргі уақытта, сағат 11. 30-ға 630 адам дауыс берді, — деді Қырмызы Мейрамғалиқызы.