Абай

Картоп өсірудегі көшбасшы

Абай ауданы жыл сайынғы орақта облыстағы картоптың жартысын береді. Биыл ауданда 146 мың тонна картоп, 46 мың тонна көкөніс жиналды. Орташа түсім картопта – 241 центнер, көкөністе 420 центнерден айналды.

картоп

Юбилейное ауылындағы «Жанат» өндірістік кооперативі биылғы орақ науқанын табысты аяқтады. Кооператив 1997 жылы құрылған. Құрамында 17 шаруашылық бар. Картоп, дәнді дақылдар мен көпжылдық шөптер өсірумен айналысады. Кооператив өкілі Максим Бакиннің айтуынша, картоп өсіруде тұқым маңызды рөлге ие.

– Картоп егушілер, бірінші кезекте, тұқымға баса назар аударуы керек. Егер, сапалы тұқым болмаса, түсім ойдағыдай болмайды. Екіншіден, техника күшінің, технологияның орны ерекше. Қуатты және заманауи техникасыз ауыл шаруашылығынан табыс көру мүмкін емес. Сондықтан, біз алдағы уақытта картоп өсірушілерге жаңа деңгейге көтерілуге көмектесетін жобалар қолға алынуы қажеттігін айтып жүрміз, – дейді Максим Бакин.

Кооператив өніміне сұраныс жоғары. Қоймаға түскен картоп облыс өңірлеріне, республиканың әр тарабына жөнелтіледі. Яғни, ішкі нарықты қамтып отыр.

Еңбектің рахатын көру – міндет. Кооператив басшылығы шаруашылық еңбеккерлеріне жанжақты жағдай жасауға тырысып келеді. Мәселен, мұнда жұмыскерлерді баспанамен қамту жақсы жолға қойылған. Бұл, әрине, көпшілікті толғандырған мәселелердің бірі. Басыңда өз үйің болып, алаңсыз еңбек еткенге не жетсін?!

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ

Абай ауданы

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button