ҚарағандыРеспублика күні

Қарағандыда жас офицерлер балы өтті

Қарағандыда Республика күніне һәм ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай жас офицерлер балы өтті, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі. 

Суреттер ұйымдастырушылардан

 Қаламызда мұндай айтулы шараның өтуі бірінші рет емес. Қазіргі таңда салтанатты шара жыл сайынғы үрдіске айналғандай. Әр жылы бал қатысушыларына айналған сарбаздар шараға әбден дайындалады.

Олар вальс және басқа классикалық билерді үйренеді. Кеш көркіне айналған салтанатты да рух асқақтатар киімдегі жас офицерлер мен аққудай таранған ақ көйлектегі арулар. Көрермен қауымға осындай көрініс жылылық сыйлағандай.

Қарағандыда жас офицерлер балы өтті

Салтанатты балға түрлі ведомстволардың офицерлері қатысты. ҚР Ұлттық ұланының “Орталық” қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінен 2-атқыштар батальонының Висп бойынша 3-рота командирінің орынбасары лейтенант Жансері Баймахан сөз сөйледі.

Ол барша қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, еліміздің ұлттық мерекесімен құттықтады.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button