БілімЖаңалықтар

Келешекке ықпал ететін мүмкіндік

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, азаматтық белсенділіктерін танытты. Жастар №7 дауыс беру учаскесіне келіп, өңірдің қоғамдық-саяси өміріне қатысты таңдауларын жасады.

Суреттерді түсірген автор

Студенттердің айтуынша, мәслихат депутаттарын сайлау – қала мен өңірдің болашағына ықпал етуге мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық оқиға. Жергілікті өкілді орган халықтың мүддесін қорғап, елді мекендердегі өзекті мәселелерді шешуге атсалысады.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті Темирлан Шугаев кандидаттарды таңдау кезінде олардың бағдарламаларымен танысқанын айтады. Оның пікірінше, жастардың дауысы қоғам үшін маңызды.

– Сайлауға қатысу өте маңызды деп есептеймін. Себебі мәслихат депутаттарын таңдау арқылы біз өз қаламыздың болашағын айқындаймыз. Кандидаттар ұсынған бағдарламалармен танысып, өзіміз үшін жарқын болашақ қалыптастырады деп сенетін азаматтарға дауыс береміз. Жастар да қоғамның ажырамас бөлігі. Бүгінде мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан көптеген бастама жас ұрпақты дамытуға бағытталған. Сондықтан, мұндай маңызды оқиғаларда жастардың дауысы ескерілуі тиіс. Біздің таңдауымыз да маңызды, – деді Темирлан Шугаев.

Ал, университеттің 4 курс студенті Нұрасыл Рахатұлы мәслихат депутаттарының жергілікті мәселелерді шешудегі рөліне тоқталды. Ол әр азамат сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы қажет деп санайды.

– Мәслихат депутаттары қаламыздың дамуына, жергілікті мәселелердің шешілуіне тікелей қатысы бар деп ойлаймын. Сондықтан, әр азамат өз құқығын пайдаланып, дауыс беруі керек. Тек жастар үшін ғана емес, кішкентай баладан бастап, қарт қарияларға дейін маңызды. Барша жасты сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырамын, – деді ол.

Университет жастары сайлауға қатысу арқылы өңірдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымдарын білдіріп, қоғамдық өмірдегі белсенділіктерін көрсетті.

Жамал СОВЕТҚЫЗЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button