АймақЖаңалықтар

Жас сайлаушының жауапкершілігі

Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылындағы №591 сайлау учаскесінде мәслихат депутаттарын сайлау науқанына тұрғындар белсене қатысуда. Солардың қатарында кәмелет жасына толып, алғаш рет дауыс беру құқығына ие болған 18 жастағы ауыл тұрғыны Нұрай Балхашбаева да бар.

Сурет ұйымдастырушылардан

Саяси науқаннан қалыс қалмаған жас сайлаушы учаскеге келіп, өзінің азаматтық ұстанымын білдірді. Алғаш рет дауыс берген Нұрайға учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері сәттілік тілеп, естелік сыйлық табыстады.

Ол өзінің Қазақстан азаматы ретінде тұңғыш рет таңдау жасап, өңір дамуы үшін дауыс берген бүгінгі тарихи сәтті мәңгі ұмытпайтынын айтып, замандастарын сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Жастардың мұндай белсенділігі – ел болашағына деген жауапкершілік пен отансүйгіштіктің айқын көрінісі.

Назар ӘЛІ,
«Ortalyq Qazaqstan»
Шет ауданы

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button